Республиканская палата Ангус Казахстана
г. Астана, Шоссе Қорғалжын, 6, ВП 1
Ангус тұқымы – әлемдік етті ірі қара шаруашылығындағы үздік генетиканың айқын символы. Бүгін ол тағы да өзінің сөзсіз көшбасшы екенін дәлелдеді!
Jańa Dala / Green Day 2026 беделді ұлттық байқауында Павлодар облысындағы «ASTYK PV» ЖШС-нің аңызға айналған Арчи бұқасы Ангус тұқымы бойынша «Үздік бұқа» атанып қана қойған жоқ, ең биік тұғырға көтерілді!
Финалда Ақбас, Герефорд, Әулиекөл, Қалмақ және Обрак тұқымдарының ең үздік өкілдерін айқын басымдықпен жеңіп, бүкіл әлемге тағы бір мәрте дәлелдеді: Қазақстанның малы – жоғары сапаның, озық генетиканың және жарқын болашақтың көрінісі!

Бұл – жай ғана жеңіс емес. Бұл – Қазақстанның нағыз чемпиондарды тәрбиелей алатынын паш еткен тарихи жетістік!
Арчи – еліміздің мал шаруашылығындағы үздік генетиканың, бай мұраның және биік мақсаттардың жарқын символы. Жаңа белестерге бірге ұмтылайық!
Қазақстанның мақтанышы! Ангус тұқымының мақтанышы!
#Ангус #Қазақстан #Көшбасшылық #ЕттіМалШаруашылығы #ЖаңаБелес #GreenDay2026 #АбсолюттіЧемпион #ҰлтМақтанышы #БолашақОсында