Республиканская палата Ангус Казахстана
г. Астана, Шоссе Қорғалжын, 6, ВП 1
Қазақстан Ангус Республикалық палатасы Палата мүшелерімен бірлесіп, 2026 жылғы 11–18 мамыр аралығында Румынияда өткен European Angus Forum 2026 халықаралық форумына қатысты.
Румыниядағы Абердин-Ангус тұқымының даму тарихы салыстырмалы түрде жақында басталған. Алғашқы асыл тұқымды мал 2008 жылы Германиядан әкелінді. Сол кезде Karpaten Meat компаниясы алғашқы 120 қашарды импорттаған болатын. Румыниялық Абердин-Ангус қауымдастығы 2012 жылдың желтоқсан айында құрылды. Бүгінде Абердин-Ангус тұқымы елдің барлық өңіріне кеңінен таралған: таза қанды аналық мал саны 52 880 басты құраса, жалпы мал басы 137 948-ге жетеді, оның ішінде 1886 бас асыл тұқымды Ангус тұқымы тіркелген.
Форум аясында Палата өкілдері жетекші асыл тұқымды шаруашылықтарды, бордақылау алаңдарын, бұқаларды сынақтан өткізу станциясын, ет өңдеу кәсіпорындарын және мал көрмелерін аралады. Әсіресе ANGUS HOUSE FARM, CARNA CARPATICA, BLACK ANGUS FARM, KARPATEN MEAT, ANDROANGUS және DOMENIUL VADURI шаруашылықтарында ұсынылған селекция, азықтандыру және етті мал шаруашылығын дамыту бағытындағы заманауи тәсілдер ерекше қызығушылық тудырды.
Қазақстан Ангус Республикалық палатасы 2017 жылы Шотландияда өткен Дүниежүзілік Ангус хатшылығының кезекті отырысында бірауыздан қабылданып, ұйымның толыққанды мүшесі атанды. Қазақстан Орталық Азия елдері мен Ресей арасында осы халықаралық ұйым құрамына енген жалғыз мемлекет.
European Angus Forum 2026 форумы тәжірибе алмасуға, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және әлемнің әртүрлі елдеріндегі Ангус қауымдастығы өкілдерімен жаңа серіктестік байланыстар орнатуға маңызды мүмкіндік болды.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |