Республиканская палата Ангус Казахстана
г. Астана, Шоссе Қорғалжын, 6, ВП 1

Мал экспортына квоталар: мәліметтер және қазіргі жағдай

Мал экспортына квоталар: мәліметтер және қазіргі жағдай

Дата публикации: Среда, 13 Март 2024 21:20:00

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша.

2024 жылғы 2 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасынан 12 айдан асқан бұқашықтар мен 6 айдан асқан қойларды әкетуге сандық шектеулер күшіне енді. Бұл шешім мал экспортын реттеуге және отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдауға бағытталған.

2024 жылғы 11 наурыздағы жағдай бойынша ІҚМ экспортына 35 290 квота берілді, оның ішінде бордақылау алаңдары үшін 29 986 квота және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін 5 304 квота. 12 айдан асқан бұқашықтарды әкетуге арналған лимит 60 000 басты құрайды, бордақылау алаңдары үшін 30 000 басқа және тауар өндірушілер үшін 30 000 басқа бөлінеді.

Қазіргі уақытта мал бордақылау алаңдары үшін ІҚМ әкетуге квота іс жүзінде таусылды, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін қалған квота 24 696 басты құрайды. Сондай-ақ ұсақ мал экспортына 7 580 квота берілді, оның ішінде бордақылау алаңдары үшін 6 150 квота және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін 1 430 квота.

Айта кетейік, квоталарды бөлу тауарларды экспорттауға лицензия беру кезінде Е-лицензиялау порталы арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады.

ІҚМ экспортына бордақылау алаңдары үшін квоталарды бөлу жөніндегі ақпаратты Ауыл шаруашылығы министрлігінің сайтынан көруге болады. https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/724308?lang=ru