Қазақстан Ангус республикалық палатасы
Нұр-Сұлтан қ-сы, Қорғалжын тас жолы 6, ВП 1

Тұқым туралы

Тұқым туралы

АБЕРДИН-АНГУС ТҰҚЫМЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ

Сапалық көрсеткіштері бойынша қойылатын талаптар

  1. ⦁ Түсі. Толығымен қара немесе қызыл түсті. Егер дарақтарда тұқым стандартына сәйкес келмейтін басқа түс немесе қарынның жоғары бөлігінде (кіндікте, сиырларда кіндіктен төс сүйегінің аралығында; ал бұқаларда препуция немесе препуциядан кеудесіне дейінгі аралықта, аяқтарында не болмаса білек сүйектерінде) ақ белгі (пигмент немесе түкті тері жамылғысы түрінде) болатын жағдайда олар асылтұқымды санатына кірмейді.
  2. ⦁ Мүйізсіздік (тұқыл). Асылтұқымдық санат тек қана туғанынан мүйізсіз және рудиментті мүйіздері мүлдем болмайтын дарақтарға ғана беріледі. 
  3. ⦁ Бойы.  Өте ірі дарақтар болса да немесе пони типтес тым ұсақ дарақ болса да шамадан тыс бойшаң келеді.
Критерийлер Қойылатын талаптары немесе сипаттамасы Кемшіліктері
Жалпы түрі, Тұқым типінің білінуі мен дамуы  Тұқымның жақсы білінетін етті типіне сәйкес дене бітімі пропорционалды, дене тұрқы кең әрі жұмыр келген . Бұлшық еті жақсы дамыған,  сүйегі (қаңқасы) берік бірақ дөрекі емес. Экстерьерінде ақаулықтар жоқ.Жыныстық диморфизм айқын білінеді. Белсенділігі жоғары, темпераменттілігі жақсы байқалады. Жалпы жетілмей қалуы, дене бітімі үйлесімсіз, бұлшықеті нашар дамыған, тар денелі (қысыңқы), тұқым типі әлсіз білінеді. Бұқаларда ұрғашы малдардың қасиеттері айқын білініп тұрады.Сиырларда еркек малдарға тән белгілері жақсы көрінеді. Енжарлық, темпераментінің жетіспеушілігі байқалады.
Қозғалысы Параллель бағытталған, дұрыс, еркін Қимылдары шектеулі әрі ынғайсыз, артқы аяқтары кең қойылған қозғалысы дұрыс емес  
Тұрқы Дене тұрқы тепе-тең келген, дене ұзындығы тұқым типіне сәйкес келеді және жамбас сүйегі кең.   
Терісі Бос, қалыңдығы шамаға сай келеді, икемді. Тығыз немесе шамадан тыс қалың.
Жүн жамылғысы Жұмсақ әрі үлпілдек, жыл маусымдарына сәйкес қалың  Жүн жамылғысы қатты және жіңішке түктері бар.
Бойы Жас шамасына сәйкес жақсы дамыған.  Өзіндік жасына сай аласа келген. 
Ет Терең, жұмсақ, қатты. Күйі біркелкі емес немесе май қабатына байланысты кесекті болып келеді.
Басы Басы тұқым типіне сай келеді. Бұқалардың басы ірілеу келген және күшті. Сиырлардың басы бұқалармен салыстырғанда кішкентай және көзге жағымды ұқыпты көрінеді. Таңау тесіктері кең ашылған. Көзінен таңауына дейінгі қашықтық қалыпқа сай.   Басы ауыр, дөрекі, тұқым типіне сәйкес келмейді. 
Таңауы Кең. Тарылған, қысыңқы.
Аузы Аузы кең және жақ сүйектері дұрыс қойылған. Үстіңгі жақ сүйектерінің алға шығуы немесе төмеңгі жақ сүйектерінің артқа қарай жылжуы байқалады
Көздері Мөлдір , толыққан. Батыңқы орналасқан.
Құлақтары Өлшемдері қалыпқа сай жақсы, жоғары орналасқан, қозғалғыш келген, тері түктерімен қапталған, ішкі сақиналы жақтауында жиегі бар. Төмен орналасқан, салпылдақ 
Желке айдаршасы/жалы Айқын білінеді, рудиментті  мүйіздері мұлдем болмайды.  Айдары жалпақ.
Мойны Ұзындығы орташа, бұлшықетті. Бұқалардың мойны тығыз. Сиырлардың мойны едәуір жіңішке келген.  Мойны жіңішкелеу, бұқалардың мойны тым қысқа. Сиырлардың желке асты мойын бөлігі ауыр.
Кеуде асты бөлігі Астыңғы бөлігінде салбыраған еті жоқ шамаға сай келген  
Төс сүйегі/кеуде Жеңіл. Төс сүйегі ауыр.
Иықтары Дене тұрқында ұқыпты орналасқан  Жауырын және иық төмпешіктері шығынқы.
Шоқтығы Шоқтығы кең әрі етті . Тар және үшкір келген әрі тік 
Алдыңғы аяқтары Дұрыс орналасқан, жіліншік сүйегінің ұзындығы қалыпты, ет жамылғысы білегінен жоғары.  Аяқтары қысқа немесе ұзын, пропорционалды емес. 
Кеудесі Кең, терең әрі жұмыр келген, жауырын артында кішігірім ойыс шұңқырлар жоқ. Терең емес, қысыңқы келген жауырын артында кішігірім ойыс шұңқырлар бар, бұлшықеті нашар дамыған, кеуде орамы кішкентай. 
Қабырғалары Омыртқа жотасынан басталады, денет ұрқының қалыпты тереңдігін қалыптастырады, етпен жақсы қапталған. Жалпақ қабығалар.
Арқасы Тік, ұзын, кең, бүлшықетпен жақсы қапталған.  Қысыңқы, салбыраған немесе бүкірейген, бұлшықеті нашар қалыптасқан.
Белі Жақсы қалыптасқан бұлшықеті қалыпқа сай дамыған. Әлсіз, бұлшықеті нашар қалыптасқан төмен қарай салбыраған.
Мықын сүйегі Мықын сүйегі жақсы қапталған. Мықын сүйегі алға шығып тұрады.
Сегізкөз Түзу, мықын сүйегінен бастап шонданай төмпешігіне дейін кең әрі ұзын, Бұлшық еті жақсы дамыған.  Қысқа, иілген, шатыр тәріздес, бұлшық еті нашар дамыған, 
Құйрығы Құйрығы дұрыс қойылған, Құйрығының негізі арқа жолағымен бірдей деңгейде. Құйрық ұзындығы жақсы, қалыпқа сай. Құйрығы тым жоғары немесе төмен орналасқан, қысқа.
Жамбасы Терең,кең, ауқымды. Бөкселерінің бұлшықеттері тығыз.  Жіңішке, сүтті бағыттағы сиырлардың бөкселеріне ұқсас қысыңқы, бөкселері ажыратылған.
Сандары Сандары бұлшықеттенген  
Артқы аяқтары Бір бірінен едәуір алшақ орналасқан, ұзындығы қалыпқа сай, шабу буыны кең және шамаға сай бұрышталған  Дұрыс қойылмаған, шамадан тыс түзу немесе айыр тәрізді буындары біріккен (икс тәрізді)
Төменгі жолағы Едәуір түзу.  
Сүйегі (қаңқасы) Алдыңғы және артқы аяқтарының сүйектері кең және түзу.  Жұмсақ немесе дөрекі 
Тұяқтары Паралель орналасқан, өлшемдері пропорционалды.  Тұяқтары деформацияланған. Сыртқа қарай шығыңқы немесе ішке кіріп тұр. Тұсау буыны әлсіз. 
Ұма Екі аталық ұрықтың да өлшемдері қалыпқа сай және сәйкесінше орналасқан  Аталық ұрық аномалиялары. Крипторхизм, монорхизм.
Желін Едәуір жақсы дамыған және пішіндері дұрыс. Жақсы дамымаған, пішіні дұрыс емес